2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өзгерістер күшіне енеді.
КТС мөлшерлемелері:
Негізгі мөлшерлеме — 20% (өзгеріссіз).
Төмендетілген мөлшерлемелер:
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және аквакультура — 3% (бұрын 10%);
ауыл шаруашылығы кооперативтері — 6% (бұрын 10%);
әлеуметтік сала ұйымдары (КЕҰ-дан басқа) — 2026 ж. 5%, 2027 ж. 10%.
Жоғарылатылған мөлшерлемелер:
банктік қызмет (кәсіпкерлікті кредиттеуден басқа) — 25%;
ойын бизнесі — 25%.
Аванстық төлемдер:
I тоқсан бойынша аванстарды салық органдары есептейді.
Төлеу — өткен кезең сомасының ай сайын 1/12 бөлігі мөлшерінде.
Аванстан босату үшін жылдық табыс шегі 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (бұрын 325 000 АЕК).
Жекелеген санаттар босатылады (құрлықтағы газ жобалары, КЕҰ, мүгедектігі бар адамдар ұйымдары — шарттарды сақтаған жағдайда).
Цифрлық активтер саласындағы салық төлеушілер аванс төлеушілер болып табылады.
Қосымша:
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар шегерімге жатқызылмайды.
Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары үшін КТС-ты 50% немесе 100%
азайту қарастырылған.