Меню

Страницы

Статья

ШҚО автотасымалдаушыларына жаңа Салық кодексінің негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді

2026 жылғы 13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында автотасымалдаушылар мен автовокзал басшылары үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі қатысқан жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара барысында ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге тоқталды.

Қатысушыларға арнайы салық режимдері мен өтпелі ережелер, корпоративтік табыс салығы (КТС), жеке табыс салығы (ЖТС), және әлеуметтік салық, қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеу және төлеу мәселелері бойынша жаңашылдықтар, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзартуды және кері қайтарып алуды жоюға қатысты өзгерістер түсіндірілді. Комиссия шарттары бойынша салық салу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Өскемен қаласында басталған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы туралы ақпарат берілді. Аталған акция аясында салық төлеушілер консультациялық қолдау ала алады.

Кездесу соңында салық төлеушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар түсіндіру жұмыстарының практикалық маңыздылығын атап өтіп, мазмұнды әрі конструктивті диалог үшін спикерге алғыстарын білдірді.

Дата публикации
13 февраля 2026
Дата обновления
13 февраля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы