Меню

Страницы

Статья

Сыра мен сыра сусындарын цифрлық таңбалауды енгізу туралы

🔰ШҚО бойынша МКД 2026 ж. 1 ақпаннан бастап ҚР ҚР-сы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес сыра қайнату өнімдерін цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталатынын хабарлайды.

Таңбалау нарықтың барлық қатысушылары алдын ала дайындалып, жаңа жағдайларда жұмысты ұйымдастыра алуы үшін бірізді әрі кезең-кезеңімен енгізіледі:

2026ж. 1 ақпаннан бастап — кегалар мен бөтелкелердегі сыраны таңбалау;
2027ж.1 қаңтардан бастап — қаңылтыр банкілердегі сыраны таңбалау;
2027ж. 1 қаңтардан бастап — тауар айналымының бүкіл тізбегі бойынша толық қадағалау режиміне көшу.

Жеке атап өтеміз: таңбалауға тек 2026ж. 1 ақпаннан бастап өндірілген өнім жатады.

Осы күнге дейін өндірілген сыра қайнату өнімдері бір жыл ішінде қосымша таңбалаусыз сатылуы мүмкін.

Сыра өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда сатушылары таңбалау жүйесіне бірыңғай цифрлық сервис арқылы қосылады. Тіркеу келесі сілтеме бойынша өнеркәсіптік стендте қолжетімді:

https://tanba.markirovka.kz/

Таңбаланған сыраны немесе сыра сусынын бөлшек саудада өткізу кезінде тауарды айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан түсетін мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін сауда нүктелерінің күнделікті қызметінде пайдаланылатын бақылау-кассалық машина қолданылады.

Құйма сыраны (кегаларда) сату кезінде айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан алынған алғашқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және бүкіл кегаға қатысты жүргізіледі.

Цифрлық таңбалау өнім айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге және адал нарық қатысушыларын қорғауға мүмкіндік береді. Жүйе сыра өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу процестері түсінікті әрі үйреншікті болып қала отырып, заманауи цифрлық шешімдермен толықтырылатындай етіп құрылған.

Дата публикации
05 февраля 2026
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы