Меню

Страницы

Статья

2025 жылға резидент еместерді салық салу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – резидент еместердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу және уақтылы әрі толық төлеу бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (жаңа редакциядағы) 679-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер деп танылатын резидент еместердің кірістерінің 39 түрі айқындалған. Олардың ішінде ең кең таралғандары – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу және қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, оның ішінде консультациялық, басқарушылық, қаржылық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық және өзге де қызметтерден алынатын кірістер, сондай-ақ дивидендтер, сыйақылар, роялтилер, сақтандыру сыйлықақылары, халықаралық тасымалдардан түсетін кірістер және мүліктің құнының өсуінен алынатын кірістер.

Резидент еместерді салық салуды әкімшілендіру 101.04 нысандағы салықтық есептілік — «Резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп» нысанына камералдық бақылау жүргізу арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын валюталық операциялар жөніндегі деректер мен 101.04 нысанының мәліметтері негізінде төлем көзінен ұсталатын КТС-ты есептеу мен ұстап қалудың дұрыстығын тексеру;

  • халықаралық шарттар аясында салықтан босатулар мен төмендетілген мөлшерлемелерді қолданудың заңдылығын анықтау;

  • резидент емес заңды тұлғалардың кірістерінен салықты толық босатуды негізсіз қолдану фактілерін анықтау;

  • резидент еместер үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтау.

Анықталған бұзушылықтар салық төлеушілер үшін өсімпұл есептеу түрінде қосымша қаржылық жүктемеге әкеледі, бұл олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты салық төлеушілерге төлем көзінен ұсталатын КТС-ты есептеу және төлеу кезінде салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

Мемлекеттік кірістер органдары резидент еместерді салық салу бағыты бойынша қосымша резервтерді анықтау және өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Дата публикации
26 января 2026
Дата обновления
26 января 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы