Меню

Страницы

Статья

Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар

2026 жылғы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында  жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері денсаулық сақтау саласындағы есептеулердің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ корпоративтік табыс салығына қатысты мәселелер, медициналық ұйымдар үшін салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді қолдану тәртібі қарастырылды.

Қосылған құн салығын әкімшілендірудегі өзгерістерге, ҚҚС-тан босатылатын айналымдардың тізбесіне және 2026 жылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушыларға 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясының басталғаны туралы ақпарат берілді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өзекті тақырыптар бойынша салық органдары өкілдерінен тікелей түсіндірмелер алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы бар түсіндірмелер үшін алғыстарын білдірді.

Дата публикации
22 января 2026
Дата обновления
22 января 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы