Меню

Страницы

Статья

«Халықтық бухгалтер» акциясы аясындағы Ашық есік күні

2026 жылғы 21 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің ережелерін, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, арнайы салық режимдері бойынша өтпелі нормаларды, ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.

Іс-шара барысында өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тіркеу тәртібі, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау бойынша толыққанды түсіндірмелер мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар алды.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне көрсетілген кәсіби кеңестер мен қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі:
қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.
Консультациялар мына мекенжай бойынша өткізіледі:

Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы. Облыстың басқа қалалары мен аудандарының салық төлеушілері үшін бейнебайланыс арқылы консультация алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.

Дата публикации
22 января 2026
Дата обновления
22 января 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы