Меню

Страницы

Статья

Салық салу режимін таңдау туралы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) күшіне енді, осыған байланысты 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі өз күшін жойды.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған барлық арнаулы салық режимдерінің қолданылуы тоқтатылды, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушылары болып танылады.

Салық кодексінің 723-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 840-бабымен өтпелі ережелер қарастырылған, оған сәйкес қолданылатын салық салу режимі (арнаулы салық режимі) туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсыну қажет.

Аталған мерзімде мұндай хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы болып танылады.

Егер 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданса және тіркеу деректерінде көрсетілген режимді өзгертуді қаласа, ол 2026 жылғы 1 наурызды күтпей-ақ, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін көрсете отырып, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға құқылы.

Нәтижесінде тіркеу деректерінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын салық салу тәртібі өзгертіледі.

2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі (арнаулы салық режимі) туралы хабарламаны ұсынбаған салық төлеушілерге тіркеу деректерінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі автоматты түрде тағайындалады.

Салық кодексінің 716-бабының ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінің нормаларына сәйкес жаңа арнаулы салық режимін таңдаған салық төлеушілерге қолданылады.

Дата публикации
12 января 2026
Дата обновления
12 января 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы