Меню

Страницы

Статья

Өскемен қаласында «Халық бухгалтері» акциясы басталды

2026 жылғы 9 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында облыс тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.

Іс - шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері «Учёт» КБҰ-ның кәсіби бухгалтері Светлана Осиковамен бірлесіп салық төлеушілерге консультациялық қолдау көрсетті.

Кездесу барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің нормаларын, салықтық есептілікті ұсыну тәртібін, арнайы салық режимдеріне көшуге қатысты өтпелі ережелерді, ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған және жиі қойылатын сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Такси қызметі саласында қызмет атқаратын салық төлеушілердің өтініштеріне ерекше назар аударылды. Аталған санаттағы тұлғалар үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу, тіркелу тәртібі, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері үлкен қызығушылық тудырды.

Іс - шара соңында қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарының мамандарына алғыстарын білдірді.

«Халықтық бухгалтер» акциясы мемлекеттік кірістер органдары қызметінде сервистік тәсілді дамытуға, халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес: қаңтар - ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет тұрақты түрде жүргізіледі. Консультациялар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3 - қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы. Облыстың басқа қалалары мен аудандарындағы салық төлеушілер үшін 8 771 123 80 84 телефон нөмірі арқылы бейнеқоңырау форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы