Меню

Страницы

Статья

Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу орнын өзгерту

2025 жылдың 26 желтоқсанында «Өскемен-КРО» кеден бекетінде кеден органын өзгенту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде жеткізу орны өзгерген жағдайда,  көлік обылысындағы мүше-мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес кеден органдарының рұқсатымен жеткізу орнын өзгертеді.

Жеткізу орнын өзгертуге кеден органдарынан рұқсат алу үшін тасымалдаушы жеткізу орнын өзгерту туралы еркін нысанда жазылған өтінішпен тасымалдау бағытында орналасқан кеден органына жүгінеді. Жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен бірге жеткізу орнын өзгертуді растайтын құжаттарды, транзиттік декларацияны және өзге тауарға арналған құжаттарды ұсынады.

Жеткізу орнын өзгерту туралы шешімді қабылдау үшін. Көлік облысына мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын (заңдар, уставтар, тасымалдау ережелері) басшылыққа алады, онда нақты көлік түрімен тасымалдау кезінде жеткізу орнын өзгерту тәртібімен терреледі.

Сонымен бірге, тасымалдаушы осы ұлттық көлік заңнамалармен қарастырылған талаптар мен мүмкіншіліктерге сәйкес жеткізу орнын өзгертілетіндігін кеден органына құжаттармен растайды.

Жеткізу орнын өзгертуге рұқсат алу үшін тасымалдаушы тасымалдау бағытында орналаспаған кеден органына жүгінсе (егер белгіленген маршрут бойынша), тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, маршрутты сақтауды бақылау орны ретіндегі кеден органы жеткізу орны болып табылмайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында белгіленген маршрутты сақтамаған үшін әкімшіллік жауапкершілік қарастырылмаған.

Дата публикации
26 декабря 2025
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы