Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды, «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 527 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер" кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 "Ағаш түйіршектері" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілгенін хабарлайды.