Меню

Страницы

Статья

«Keden» ақпараттық жүйесінің «Тауарларға декларация» модулін тестілеу

18.12.2025 жылы ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.  «Дөңгелек үстел» барысында, кеден бекеті қызметкерлері СЭҚ қатысушылармен бірлесіп, Keden ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуден өткізді.   Кедендік ресімдеуді оңтайландыру мен автоматтандыру, құжаттарды сандық форматқа көшіруді қарастырады. Сонымен қатар, декларантқа өтінім жіберу, талап қою, ТД-ға өзгеріс енгізу шешімін жолдау, түзету енгізу нысаны автоматтандырылды.

Өтінім беру мен тестілеуден өткізу кестесі «Keden» ақпараттық жүйесінің порталында жарияланды. https://test-keden.kgd.gov.kz. Осы сайтта тестілеу тәртібі: видео сабақ, пайдаланушыға арналған нұсқаулық, жиі қойылатын сұраққа жауаптар, «Тауарларға арналған декларация» модулі бойынша  ескерту мен ұсыныстарды жолдау тәртібі де жарияланған.

«Тауарларға арналған декларация» модулі 2026 жылдың екінші онкүндігінде іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар модульдің іске қосылуы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып іске асады.

Құрметті сыртқы экономикалық қатысушылар, Сіздерді, тестілеуге белсене қатысуға шақырамыз.

Дата публикации
18 декабря 2025
Дата обновления
18 декабря 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы