Меню

Страницы

Статья

Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру

2025 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО бойынша кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алаңында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өткізді.

Семинар барысында Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Жибитаев 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістерді, дифференциалды ҚҚС мөлшерлемелерін, ҚҚС бойынша есепке қою және артық төленген соманы қайтару тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Әрі қарай Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова арнайы салық режимдері (АСР) бойынша жаңашылдықтарды баяндады. Белгіленген режимдердің саны жетіден үшке қысқарды: өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған АСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР және шаруашылық немесе фермерлік қожалықтарға арналған АСР.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық түсініктемелер алды. Талқылауға Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.
Арнайы назар аударылған тақырып – кассалық бақылау машиналарын (КҚМ) қолдану және 2.0.3 хаттамасына көшу мәселесі.

Дата публикации
11 декабря 2025
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы