Меню

Страницы

Статья

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, келесі шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдана алады:

1) олардың күнтізбелік жылдағы ең жоғары табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;

2) олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлерімен айналысады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде көзден ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы есепті салық кезеңі үшін салық салынатын объектіге 4 пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.

Жергілікті өкілді органдар салық төлеушінің қызмет түріне және орналасқан жеріне байланысты белгіленген мөлшерлемені 50 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен азайтуға немесе арттыруға құқылы.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығы  салынбайтын айналым болып табылады

Жалпы салық салу жүйесін қолданатын салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар мұндай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алған күні шегерімге жатпайды.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Дата публикации
04 декабря 2025
Дата обновления
04 декабря 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы