Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Шараны ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшынов Қазыбек Қадесұлы, сондай-ақ «Антарес А» қоғамдық қорының психологы Байбусунов Серік Абылқасынұлы жүргізді.

Психолог Байбусунов С.А. өз сөзінде лудоманияның негізгі мәселелерін, оның туындау себептерін және құмар ойындарға бейім адамдар үшін туындайтын салдарын түсіндірді. Ол ойынға тәуелділіктің механизмі есірткі және алкоголь тәуелділігіне ұқсас екенін атап өтті.

Семинар аясында сондай-ақ мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікке және жыныстық қол сұғушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Қатысушыларға тең қарым-қатынасты сақтау және сыйластыққа негізделген еңбек ортасын қалыптастыру қажеттілігі ескертілді.

Семинар соңында барлық қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауаптар берілді.

Қорыта келе, Әдеп жөніндегі уәкіл Қазыбек Қадесұлы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы