Меню

Страницы

Статья

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Адал азамат» оқу - ағарту бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектептің 8 - 11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Іс - шараның негізгі мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметке қызығушылығын ояту, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіру.

Кездесу барысында оқушыларға келесі тақырыптар бойынша ақпараттар ұсынылды:

  • Жеке тұлғаларға салық салудың негіздері;

  • Жалпыға бірдей декларациялау;

  • Қаржылық сауаттылық;

  • Жеке тұлғалардың банкроттығы;

  • Кедендік әкімшілендіру.

Кездесу соңында оқушылар үшін Департамент мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ведомствоның тарихымен және қызметімен танысып, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.

Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР Ұлттық валютасы күні мен қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында оқытушылар мен оқушылар қызықты әрі танымды кездесу ұйымдастырғаны үшін Департамент қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, осындай шараларға болашақта да қатысуға ниет білдірді.

Дата публикации
14 ноября 2025
Дата обновления
14 ноября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы