Меню

Страницы

Статья

Риддер қаласында семинар өтті: Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері – 2026

2025 жылғы 30 қазанда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне арналған ауқымды семинар өткізді.

Іс - шара Риддер қаласындағы Аграрлық-техникалық колледж алаңында өтті және жергілікті бизнес-қоғамдастық пен жұртшылық өкілдерін жинады.

Семинарға қатысушыларға корпоративтік табыс салығы және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі бойынша жаңа ережелер жеткізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласына салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.

ҚҚС бойынша есепке қою ережесі, сондай-ақ ҚҚС асып кеткен соманы қайтару тәртібі ұсынылған.

Мемлекеттік кірістер департаментінің спикерлері жеке табыс салығына, әлеуметтік салыққа және «мүлік» салығына, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруге қатысты негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді: салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, жеңілдіктер оңтайландырылады, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі. Қолданыстағы арнайы салық режимдері жетіден үшке дейін қысқартылды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі 882 – ден 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, бұл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін айтарлықтай жеңілдік болып табылады.

Департаменттің басым міндеті салық төлеушілерді уақтылы және толық хабардар ету болып табылады. Жаңа Салық кодексінде әрбір кәсіпкер күшіне енгенге дейін түсінікті болуы тиіс бірқатар маңызды өзгерістер бар, - деп атап өтті Департамент өкілдері.

Қорытындылай келе, мұндай семинарларды өткізу салық төлеушілерге жаңа Салық заңнамасы жағдайында жұмысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Ашық диалог барысында семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша барлық сұрақтарға жауап алды.

Дата публикации
30 октября 2025
Дата обновления
31 октября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы