Меню

Страницы

Статья

Экспорт, ЭСФ және ҚҚС есептілігіне қатысты жаңа талаптар

Экспорт бойынша операциялар:

Үшінші елдерге экспорт жасалғанда айналымның жасалу күні ретінде ЕАЭО кеден шекарасын нақты өткен күні есептеледі.

Айналымды нөлдік мөлшерлемемен есепке алуды жеңілдету мақсатында тауарларға декларацияны тіркеу күні де айналым жасау күні ретінде мойындалады.

Нерезиденттен алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша ЭСФ:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты нерезиденттен алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша ҚҚС төлеуші міндетті түрде электронды счет-фактура (ЭСФ) рәсімдеуі тиіс.

Бұл шара әкімшілендіруді жеңілдетеді және болашақта ҚҚС декларацияларын автоматты толтыруға көшуге мүмкіндік береді.

ҚҚС-ты есепке алу (зачет) мәселелері:

ҚҚС ставкасының 12%-дан 16%-ға көтерілуіне байланысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында (өндірушілер, өңдеушілер, ауылшаруашылық кооперативтері) есепке алынатын қосымша соманың мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.

2026 жылдан бастап ҚҚС есепке алу мерзімі – тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алған күнмен бірдей болады.
ҚҚС төлеуші ЭСФ ақпараттық жүйесінде (ИС ЭСФ) осы қабылдауды декларацияны тапсырудан бұрын белгілейді.

ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі:

ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі шектеледі:

  • декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен ерте басталмайды,

  • декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейді.

Дата публикации
28 октября 2025
Дата обновления
28 октября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы