Меню

Страницы

Статья

2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару тәртібіндегі өзгерістер

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енетінін хабарлайды.

Өзгерістер қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебі мәселелерін қамтиды:

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу мынадай түрде жүзеге асырылады:

  1. ҚҚС төлеуші ретінде ерікті түрде тіркеу (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа);

  2. Міндетті түрде тіркеу – күнтізбелік жыл ішінде айналым шегінен асып кеткен жағдайда (сондай-ақ сенім білдірілген басқарушы үшін де қолданылады);

  3. Шартты түрде тіркеу – шетелдік компаниялар үшін.

Айналымның шекті мөлшері – 10 000 АЕК.

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге жатпайтындар:

  1. мемлекеттік мекеме;

  2. резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

  3. жеке практикамен айналысатын тұлға;

  4. арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

  5. жеке тұлға.

Міндетті тіркеу үшін өтініш – айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

Егер ірі мәміле айналым шегінен асып кететін болса, салық төлеуші мәміле жасалғанға дейін өтініш беруі қажет.

Тіркеусіз кезеңде жасалған айналым (шекті мөлшерден асқан) тиісті кезең үшін салық салынатын айналым болып саналады және салық жауапкершілігі қарастырылады.

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:

  1. жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;

  2. қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.

Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.

Дата публикации
28 октября 2025
Дата обновления
28 октября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы