2025 жылғы 24 қазанда Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді.
Семинар барысында арнайы салық режимдері, олардың түрлері мен қолдану шарттары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, кассалық тәртіпті сақтау және POS-терминалдарды пайдалану мәселелері түсіндірілді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.