2025 жылғы 17 қазанда Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында камералдық бақылауға қатысты өзгерістер бойынша семинар өтті.
Іс-шара барысында камералдық бақылау жүргізу тәртібіне енгізілген өзекті заңнамалық өзгерістер талқыланды.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты түсініктемелер берілді.
Семинардың мақсаты – салық төлеушілердің жаңа талаптар туралы хабардарлығын арттыру және мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара байланысты нығайту.