Меню

Страницы

Статья

2025 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларға салық салу туралы

Салықзаңнамасынасәйкесжекепрактикаменайналысатынадамдарсанатына(бұданәрі-ЖПАА)жекенотариус,жекесоторындаушысы,адвокат,кәсібимедиаторжатады.

Қызметті жүзегеасырубасталғанғадейінжекетұлғалар Қазақстан Республикасының Рұқсаттаржәнехабарламалартуралызаңнамасындаайқындалғантәртіппенхабарламанегізіндемемлекеттіккірістероргандарында ЖПАА ретіндетіркеуесебінетұруытиіс.

ЖПАА тіркеу салықтық әкімшілендіру мақсатында жүргізіледі және лицензия негізінде Кәсіптік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қамтиды.

ЖПАА тіркеу есебіне қою, тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ тіркеу есебінен алу Салық кодексінің 79-81-баптарымен реттеледі.

Мұндайтұлғалардың салық салынатынтабысыСалықкодексінің 362-365-баптарынасәйкесайқындалады. Сонымен бірге, олардыңтізбесі көрсетілген баптардадабелгіленгенкәсібишегерімдергеқұқығыбар.

Айдың соңында бір айда алынған табыстарға 10% мөлшерінде жеке табыс салығының (бұдан әрі-ЖТС) ставкасы қолданылады. Осылайша, ЖПАА салық салынатын кірісін анықтау кезінде кәсіби шегерімдерді қоспағанда, түзетулер де, шегерімдер де қолданылмайды (мысалы, еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтіндердің кірістері сияқты). Яғни жеке практикадан алынған табыстың барлық сомасына жеке табыс салығы салынады. Нотариустың, медиатордың табыстарына стандартты шегерім де, өзге де шегерімдер де, оның ішінде сыйақылар бойынша шегерім және т.б. қолданылмайды.

Кәсіби шегерімдерді келесі шарттарға сәйкес қолдануға болады:

1) жеке сот орындаушысының, медиатордың, нотариустың, адвокаттың қызметін жүзеге асырудан табыс алуға байланысты жүргізілсе;

2) құжатпен расталған жағдайда;

3) жеке сот орындаушысының, медиатордың, нотариустың, адвокаттың салық тіркелімдерінде көрсетіледі.

Есептелген ЖТС сомасы ай сайын табыс алынған айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірілмей төленеді.

ҚР 15.07.2025 ж. № 208 - VIII Заңымен қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес "01.01.2025 ж. бастап ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелер" 781-бабына сәйкес, ЖПАА жеке табыс салығын 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күніне дейінгі кезең үшін Заң қолданысқа енгізілген айдан кейінгі 5 күннен кешіктірмей төлейді.

Кірістер мен мүлік туралы Декларация (СЕН 270.00) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынылады. Ағымдағы жылы ЖПАА қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ЖТС (СЕН 240.00) бойынша тарату декларациясын тапсырады.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы