2025 жылғы 1 қазанда Глубокое ауданындағы Абай атындағы Мәдениет үйінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, негізгі өзгерістерді түсіндірді, оның ішінде:
жаңа Салық кодексінің жалпы ережелері;
жеке табыс салығы: мөлшерлемелер мен шегерімдер;
әлеуметтік салық;
корпоративтік табыс салығы және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі;
жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
ҚҚС бойынша өзгерістер: мөлшерлемелер, ҚҚС бойынша есепке қою, артық соманы қайтару тәртібі;
арнаулы салық режимдеріндегі түзетулер, камералдық бақылау;
берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі.
Семинар барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты тәжірибелік мәселелер қаралды.
Қатысушылар жаңа Салық кодексі салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға, адал бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.