2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгерді.
Жаңа ережелер:
- Әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды.
- Бірыңғай мөлшерлеме – 6% (қазіргі 11%-дың орнына).
- Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін төмендетілген мөлшерлеме – 1,8%.
- ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін:
- Өзі үшін – 2 АЕК,
- Әр қызметкер үшін – 1 АЕК.
- Шаруа қожалықтары үшін:
- Өзі үшін – 0,6 АЕК,
- Әр қызметкер үшін – 0,3 АЕК.