Меню

Страницы

Статья

Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі семинар

2025 жылғы 18 қыркүйекте Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында семинар өткізді. Іс-шараға салық төлеушілер, соның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Семинар офлайн және онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

Семинарды ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазбек Қойшинов ашып, жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, елеулі өзгерістер барлық негізгі бағыттарды қамтиды.

Одан әрі семинар барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гульмира Сабралимова 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығы, мөлшерлемелер мен шегерімдер, әлеуметтік салық және арнайы салық режимдеріне қатысты енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.

Корпоративтік табыс салығына қатысты жаңалықтармен Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Гульмира Карибаева таныстырды.

ҚҚС бойынша өзгерістер, оның ішінде мөлшерлемелер, ҚҚС бойынша есепке қою және артық төленген ҚҚС сомасын қайтару мәселелерін Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибитаев баяндады.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, салықтарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу шаралары жөнінде Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Азамат Жакиянов сөз сөйледі.

Семинардың қорытынды бөлімінде Департамент басшысының орынбасары халықтың салықтық мәдениетін арттыруға, кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал», «Бәйге», пилоттық «Salyq кэшбэк» жобасы, сондай-ақ Halyk Bank-пен бірлескен акциялар туралы еске салды.

Іс-шара соңында Департамент өкілдері салық төлеушілерден түскен барлық сұрақтарға жауап берді.

Дата публикации
19 сентября 2025
Дата обновления
19 сентября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы