Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 47-тарауына сәйкес кедендік тексеру кедендік бақылауды жүргізу нысандарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі Кодекстің 420 бабымен айқындалған.
Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын Қазақстан Республикасының кеден органының лауазымды адамдары мен өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен мынадай жағдайларда:

1) аталған лауазымды адамдар көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпесе;
2) Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары және (немесе) өзге мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмесе;
3) егер аталған лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруге арнайы рұқсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болса, олардың мұндай рұқсаты болмаса, бас тартуға құқылы.

Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша тиісті хаттама жасалады.

Хаттамаға тексеруді жүргізетін лауазымды адамдар, тексерілетін тұлға не оның өкілі қол қояды.

Тексерілетін тұлға көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

Хаттаманың көшірмесі тексерілетін тұлғаға немесе оның өкіліне табыс етіледі.

Дата публикации
10 сентября 2025
Дата обновления
10 сентября 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы