2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі (бұдан әрі – ӘЖУ) Арыстанбекова Қамшат Болатқызы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ӘЖУ Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізіп, онда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексін, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Өз сөзінде Арыстанбекова Қ.Б. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге жоғары талап қоятынын, олардың тек мінез-құлқына ғана емес, функционалдық міндеттерін уақтылы әрі нақты орындауына, сыртқы бейнесіне де қатысты екенін, сондай-ақ әріптестермен, бағыныштылармен және басшылықпен қарым-қатынасын реттейтінін атап өтті.
Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеті мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуге, конструктивті ескертулерді кемшіліктерді жою және жұмыс тиімділігін арттыру үшін пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық моральға, тәртіп пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін заң бұзушылықтарға жол бермеуге және өзге азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға жат әрекеттерге тартпауға тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігулерге қатысуына тыйым салынатыны атап өтілді.
Өз сөзінде Арыстанбекова Қ.Б. діни қауіпсіздік мәселелеріне де назар аударып, діни қызмет саласындағы заңнаманы сақтау маңыздылығын және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, ол жұмыс уақытын дұрыс пайдалану мәселелеріне арнайы тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет уақытын тиімді және ұтымды пайдалануға, оны жеке істерге жұмсамауға, сондай-ақ еңбек тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті екендігі баса айтылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ӘЖУ Ақбаев Т.Т. өз сөзінде қоғамдық орындарда мас күйінде немесе есірткілік масаң күйде болуға қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын талқылап, сондай-ақ мұндай жағдайда көлік құралдарын басқарудың жол берілмейтінін атап өтті.
Кеңес соңында қойылған барлық сұрақтарға баяндамашылар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Әдеп кодексінің және олардың күнделікті қызметінде қолданылатын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды. Кездесу соңында баяндамашылар қатысушыларға алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.