Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI Кодексінің 93-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен сот тәртібімен салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату үрдісі жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген баптың шеңберінде, таратуға жататын салық төлеушілердің әрекеттері кредиторлар мен басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделеріне әсер етпеген жағдайда және келесі көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда есептен шығарылады:
1. күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің
48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:
салықтық есептілікті ұсынбаған;
экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;
егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
2. күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;
әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ:
- резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
- бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
- дара кәсіпкерлер жатады.
Осы тармақтың ережелері:
1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;
2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.
Сәйкесінше, мемлекеттік кірістер органдарымен мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің тізімі, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz web – порталында, Шығыс Қазақстан облысы қосымша бетінде, Біз жайлы – «Халықпен жұмыс жасау» бөлімінде көрсетілгенін хабарлаймыз.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
01 августа 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы