Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Майқапшағай» кеден бекетінде шетелдік азамат заң бұзды

 

2025 жылғы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары «Майқапшағай» кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында шетел валютасын кедендік декларациялаусыз алып шығу фактісін анықтады.

Кедендік шекараны кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына бет алған ҚХР азаматының шетел валютасындағы жарияланбаған ақша қаражаттары анықталды. Атап айтқанда:
– АҚШ долларымен 20 000 мыңға баламалы сома,
– 8 000 еуро,
– 9 250 рубль.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалар шетел валютасын кедендік декларациясыз алып шыға алады, егер оның жалпы сомасы 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерден аспаса (декларация тапсырылған күнгі бағам бойынша). Бұл жағдайда көрсетілген сома белгіленген шектен асқан, сондықтан құқық бұзушылық тіркелді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 551-бабы 3-бөлігіне сәйкес, кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін кедендік декларацияланбаған немесе дұрыс көрсетілмеген ақша қаражаттары мен ақша құралдарының 25%-ы көлемінде айыппұл салынып, олар мемлекет пайдасына тәркіленеді.

Аталған жағдайда ҚХР азаматына қатысты 2 466 274 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және мемлекет пайдасына 19 174,15 АҚШ доллары тәркіленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес:
- Қазақстан Республикасының аумағынан қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын 10 000 АҚШ долларына баламалы сомадан асырмай шығару,
- Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтын құймалары мен 100 грамнан асатын тазартылған алтынды алып шығуға тыйым салынған.

❗ Маңызды: Жоғарыда аталғандарға байланысты құқықтық салдарлардың алдын алу үшін осы талаптарды ескеріп, қатаң түрде сақтау ұсынылады.

Дата публикации
18 июня 2025
Дата обновления
18 июня 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы