Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың банкроттығы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – Заң) 2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қолданысқа енгізілді.

Заң азаматтардың берешек мәселелерін шешудің 3 рәсімін ұсынады: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы және соттан тыс банкроттық.

Соттан тыс банкроттық рәсімін  қарызын өтей алмай жүрген азаматтарға, егер олардың банктерге, микроқаржы ұйымдарына берешегі 1600 АЕК-тен (яғни 6,2 млн.теңгеден) аспаса, қолдануға болады. Өтінішті eGov порталы, e-Salyq Azamat және Sol Mobile мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде беруге болады. Сонымен қатар, eGov.kz және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ арқылы беруге болады.

Бұл рәсімнің қолдану мерзімі 6 ай. Банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін, мұндай адамның берешек міндеттемелері жойылады.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап, яғни Заң күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейін соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысты ШҚО бойынша барлығы 6 491 өтініш түскен, оның ішінде:

2023 жылы – 1 927;

2024 жылы – 2 180;

2025 жылы – 2 384.

6 491 өтініштің ішінде:

Қанағаттандырылмағаны – 4 671 өтініш;

Қаралу үстінде – 1 078 өтініш;

Аяқталғаны – 742 өтініш.

Осылайша, бүгінгі күні соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы 742 азамат банкрот деп танылып, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы 2 123 572 686,90 теңге мөлшеріндегі берешек есептен шығарылды.

2023 жылы – 209 адам, жалпы сомасы 817 059 006,10 теңге;

2024 жылы – 305 адам, жалпы сомасы 761 125 136,30 теңге;

2025 жылы – 228 адам, жалпы сомасы 541 396 645,50 теңге.

Сот арқылы банкроттықты,  азаматтар банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешегі 1600 АЕК-тен асқан жағдайда, немесе қарыз сомасына қарамастан өзге берешектері болғанда, сондай-ақ мүлкі бар болған жағдайда қолдана алады.

ШҚО бойынша сот арқылы банкроттық рәсіміне 126 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

2023 жылы – 32 өтініш келіп түсті, оның ішінде: қабылданғаны – 20, қараусыз қалдырылған өтініштер – 9, өтініш бойынша бас тартылды – 3. Қабылданған 20 өтініштің 5-і апелляция сатысында тоқтатылды, 15-і аяқталып, яғни  5 724 370 063,0 теңге  сомаға банкрот деп танылды.

2024 жылы – 53 өтініш келіп түсті, оның ішінде: қабылданғаны –22, қараусыз қалдырылған өтініштер – 18,  өтініш бойынша бас тартылды – 13. Қабылданған 22 өтініш ішінде 1 іс апелляция сатысында тоқтатылды, 7 іс рәсімде, (мерзімі әлі аяқталған жоқ) 14 іс аяқталып, яғни  637 482 825,7 теңге  сомаға банкрот деп танылды.

2025 жылы – 41 өтініш келіп түсті, оның ішінде: қабылданғаны – 8, қараусыз қалдырылған өтініштер – 7, өтініш бойынша бас тартылды – 6, соттың қаралуында  - 20 өтініш.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі  Бұл рәсім бойынша азамат 5 жыл ішінде берешегін өтеу үшін сот арқылы қарыздарын қайта құрылымдауға өтініш береді. Бұл рәсім борышкердің банкрот деп танылуына жол бермейді. Ол банкрот мәртебесін алмайды.

ШҚО бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі бойынша 40 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

2023 жылы –  қараусыз қалдырылғаны – 2,

2024 жылы – 4, оның ішінде: қабылданғаны – 2, бас тартылғаны – 1, қараусыз қалдырылған өтініш – 1.

2025 жылы – 34, оның ішінде: қабылданғаны – 11, өтініш бойынша бас тартылды – 1, қараусыз қалдырылған өтініштер – 6, соттың қаралуында  – 16.

142 897 950, 83 теңге сомаға 13 жеке тұлғаға бөліп төлеу мүмкіндігі берілді.

Соның ішінде:

2024 жылы – 33 732 027,87 теңге,

2025 жылы – 109 165 922,96 теңге.

2024 жылғы 25 тамыздан бастап Заңға түзетулер енгізілді, олар мынадай ережелерді көздейді:

  1. тәртіптерді қолдану негіздерін қайта қарау

- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімінің өтуі мен мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды.

- соттан тыс банкроттық рәсімін банктік қарыз шарттары, қарыз, несие шарттары және микрокредит беру шарттары бойынша талап  ету құқықтары бар барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады. Бұл ретте аталған ұйымдардың қатарында лиценезиясынан айырылған, тарату сатысындағы, сондай-ақ тиісті тізілімнен алып тасталған ұйымдар да болуы мүмкін.

  1. Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі жеңілдетілді

-борышкер өтініште несие беруші туралы, қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және оған қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.

  1. Соттан тыс және соттық банкроттық рәсімдерді қолдану үшін төлемнің болмаумерзімін нақтылау және есептеу.

- 1АЕК-ке тең немесе одан аз қарыз бойынша төлемдер өтеу ретінде есептелмейді, ал коллекторлық агенттікке берілген құқық (талап) бойынша өтеудің болмау мерзімі құқықты беруден бұрынғы соңғы төлем күнінен есептеледі.

  1. Реттеуді жүргізу мерзімін өзгерту.

Егер төлемдердің болмау мерзімі 12 айдан асатын болса, қарызды реттеу рәсімін жүргізуталап етілмейді.

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
10 июня 2025
Тип
Статистика

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы