Меню

Страницы

Статья

Салықтық тексеру: негізгі аспектілер және сот практикасы

💠Салықтық тексеру — бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде салық заңнамасының сақталуын бағалау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының (МКО) лауазымды тұлғалары жүргізетін бақылау іс-шарасы.

Кәсіпкерлер салықтық тексеру нәтижелерін уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес шағымдануға құқылы.

💠Сот практикасы: Соңғы 4 жыл ішіндегі сот шешімдерін талдау көрсеткендей, талап арыздардың басым бөлігі ӘРПК ережелеріне сәйкес салықтық тексеруді тағайындау кезіндегі МКО-ның рәсімдік әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Атап айтқанда, салық төлеушілер ескертулерді, хаттарды және тыңдаулар хаттамаларын әкімшілік актілермен теңестіреді.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін әкімшілік соттар 107 істің ішінен жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайтын талаптардың 30%-ын немесе 2,7 млрд теңгеге тең талаптарды қанағаттандырған.

💠Сонымен қатар, салық төлеушілерге жасалған ескертулер (ӘРПК-нің 70–73-баптарының шеңберінде) соттармен аралық актілер ретінде танылып, салық міндеттемелерінің туындауына әкелмейтін әрекеттер болып табылғандықтан, сот шешімдерімен МКО-ның пайдасына қолдау тапқан.

Осыған байланысты кәсіпкерлерге Салық кодексінің 155-бабына сәйкес жасалған шаруашылық операциялардың фактін растайтын бастапқы құжаттардың толық пакетін уақтылы ұсыну маңызды.

Толығырақ
⬇️⬇️⬇️⬇️
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979408?lang=kk
#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня

Дата публикации
09 июня 2025
Дата обновления
10 июня 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы