Меню

Страницы

Статья

ChatGPT Қазақстанда ҚҚС төлеуші болды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділ салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық қызметтерге салық – «Google салығы» сәтті енгізілді. Бұл шара ел нарығында жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу жолындағы маңызды қадам болды

Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.

ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие:

* сұрақтар мен өтініштерді түсіну;

* мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру;

* аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.

Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейтін болады. 

Комитет цифрлық секторда ашықтықты қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және тиімді салық салу бағытында жұмысын жалғастырады.

Дата публикации
04 июня 2025
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы