Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша оқыту ұйымдастырылды

2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев К.Т., сондай-ақ ҰҚК, ІІД және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қатысты.

Террористік қауіп туындаған жағдайда осал нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің алғашқы әрекеттері бойынша оқыту жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы терроризмге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өткізілді.

Оқыту барысында террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі және терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.

Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, иесіз заттарды анықтаған кезде мемлекеттік органдарға хабарлау тәртібі, сондай-ақ террористік қауіп туралы жалған хабарламаларға жауап беру рәсімдері мен эвакуация кезінде атқарылатын іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Дата публикации
16 мая 2025
Дата обновления
16 мая 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы