Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру: жалпы тәсілдер мен айырмашылықтар

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения арасында өзара сауда кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) алу бойынша бірыңғай қағидаттар қолданылады. Дегенмен, әрбір мемлекет ҚҚС әкімшілендіру мен цифрлық бақылау бойынша өз тетіктерін қолданады.

Қазақстан Республикасы үшін негізгі құрал – электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) жүйесі және өзара сауда есебінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану болып табылады. Бұл мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және  салықтық бақылау рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы тауарлардың қадағалануы жүйесін қоса алғанда, неғұрлым жетілдірілген цифрлық шешімдерді қолданады. Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасы өз ұлттық рәсімдерін ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің тәжірибесіне жақындату кезеңінде тұр.

Одақ елдерінде ҚҚС мөлшерлемелері әртүрлі: Қазақстан мен Қырғызстанда – 12%, Ресей, Беларусь және Арменияда – 20%.

Әкімшілік кедергілерді жою және салықтық бақылау тиімділігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО елдерінде ҚҚС есебін жүргізудің бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселесін қарастыруда. Бұл бастаманы іске асыру салық органдары арасындағы сенімді арттыруға, әкімшілендіруді біріздендіруге және одақ аумағында бизнес жүргізу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.

ШҚО бойынша МКД
ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС
әкімшілендіру басқармасы

Дата публикации
05 мая 2025
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы