1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауыс болса, осы банкроттықты басқарушыны таңдау Регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленеді және егер мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушыны таңдау тәртібін айқындайды.
Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
борышкер – өзіне қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі – дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
2) кредитор-борышкердің салықтарды, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерінен туындайтын, егер олар жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, борышкерге қойылатын талаптары бар мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары;
3) уәкілетті орган – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері тұлғасында Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары.
2-тарау. Банкроттықты басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер топтарын қалыптастыру
Банкроттықты басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер аясын айқындау мақсатында уәкілетті орган мынадай топтарды қалыптастырады:
1-топ – бұдан бұрын банкроттық рәсімін жүргізбеген, сондай-ақ борышкерлердің банкроттықты басқарушысы ретінде сайланбаған әкімшілер;
2-топ – банкроттық рәсімдерін жүргізумен айналыспайтын, сондай-ақ борышкерлердің банкроттықты басқарушысы болып табылмайтын әкімшілер;
3-топ – банкроттық рәсімдерін жүргізумен айналысатын, сондай-ақ бір және одан да көп борышкердің банкроттықты басқарушысы болып табылатын әкімшілер.
Уәкілетті орган осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкімшілер жатқызылған топтарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді көрсетумен, банкроттықты басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілердің тізімін жүргізеді.
Банкроттықты басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және әкімшілерді банкроттықты басқарушылары ретінде тағайындалуына (сайлануына) қарай жаңартылады.
3-тарау. Банкроттықты басқарушыны таңдау тәртібі
Банкроттықты басқарушыны таңдауды кредитор тұрғылықты жерінің мекенжайы борышкер тіркелген тиісті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астанада болатын, әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды хабардар ету тізілімінде тұрған тұлғалар қатарынан жүзеге асырады.
Банкроттықты басқарушыны таңдау 1-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.
1-топта бірнеше әкімші болған жағдайда, әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға банкроттықты басқарушы болып сайланады.
Тағайындаудан бас тартқан не 1-топта әкімшілер болмаған жағдайда, банкроттықты басқарушыны таңдау 2-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.
2-топта бірнеше әкімші болған кезде борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде ең аз банкроттық рәсімдер санын аяқтаған тұлға банкроттықты басқарушы болып сайланады.
Егер борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берілген болса, борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жылында ең аз банкроттық рәсімдер санын аяқтаған тұлға банкроттықты басқарушы болып сайланады.
Аяқталған рәсімдердің саны бірдей болған кезде әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға борышкердің банкроттықты басқарушысы болып сайланады.
Тағайындаудан бас тартқан не 2-топта әкімшілер болмаған жағдайда, банкроттықты басқарушыны таңдау 3-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.
3-топта бірнеше әкімші болған кезде, ең аз өндірістер саны бар тұлға сайланады.
Өндірістердің саны бірдей болған кезде әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға банкроттықты басқарушы болып сайланады.
Банкроттықты басқарушыны таңдау кезінде Заңның 9-бабына сәйкес борышкерге үлестес тұлғалар қаралмайды.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы банкроттықты басқарушы ретінде таңдаған адамды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Заңның, заңнамалық актілердің, сондай-ақ осы Регламенттің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді.
Заңның 12-бабының 5-тармағымен көзделген жағдайларда банкроттықты басқарушыны тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған не осы тараумен белгіленген банкроттықты басқарушыны таңдау тәртібі сақталмаған кезде уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде кредиторға банкроттықты басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан уәжді бас тартуды жолдайды.
Уәкілетті орган осы Регалменттің 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша банкроттықты басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, кредиторға уәжді бас тартуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы тараумен белгіленген тәртіпті сақтаумен, тағайындаудан бас тартылған тұлғаны есепке алмай, банкроттықты басқарушыны тағайындау үшін өзге тұлғаны сайлау қажет.
Уәкілетті орган кредитор таңдаған тұлғаны бұйрық шығару жолымен тағайындайды.
Банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы бұйрықты шығару кредиторлар жиналысының хаттамасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі
Банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы бұйрық екі данада шығарылады және уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Бұйрықтың бір данасы банкроттықты басқарушыға бұйрықтың екінші данасына алғаны туралы қол қоюмен қолма-қол табыс етіледі, бұйрықтың екінші данасы уәкілетті органда сақталады.
Банкроттықты басқарушының өз өкілеттігін орындауға кірісуі тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап саналады.
Егер мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, уәкілетті орган банкроттықты басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілердің тізімдерін (бұдан әрі-Тізімдер) қалыптастырады.
Тізімдер банкроттықты басқарушылардың тағайындалуына қарай жаңартылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тағайындалған банкроттықты басқарушылар туралы мәліметтер аталған банкроттықты басқарушы тағайындалған борышкерлер бойынша қорытынды есепті бекіту туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енуінен кейін Тізімдерден алып тасталады.
|
Егер мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушыны таңдау Регламентіне |
|
|
|
нысан |
Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушы ретінде таңдалатын әкімшілердің тізімі
|
№ |
Өңір |
Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі |
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар хабардар етілетін тұлғалар тізіліміне енгізілген күні |
Әкімші ретінде жұмыс өтілі (жылдар бойынша) |
Оңалту немесе банкроттық рәсімі жүзеге асырылып жатқан борышкерлер саны |
Ағымдағы (алдыңғы) жылы оңалту және банкроттық рәсімдері аяқталған борышкерлер саны |
Әкімші банкроттықты басқарушы немесе уақытша әкімші болып табылатын борышкерлер саны |
|
1-топ |
||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-топ |
||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-топ |
||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Егер мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушыны таңдау Регламентіне
2-қосымша
нысан
Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалғыз кредиторлар болып табылса немесе кредиторлар жиналысында елу пайыздан астам дауысы болса, банкроттықты басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілердің тізімі, банкроттықты басқарушыны таңдау
|
№ |
Өңір |
Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі |
Борышкердің атауы/ дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Борышкердің жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Кредитордың атауы |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының күні |
Банкроттықты басқарушы ретінде тағайындалған бұйрықтың күні |
Банкроттықты басқарушы ретінде тағайындалған бұйрықтың нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
|