Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25 - бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден одағы шеңберінде мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тауарларды кедендік декларациялау және мемлекеттік бақылау (көліктік, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық) қолданбастан, еркін өткізу жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық төлеуші-импорттаушы ЭШФ АЖ порталында тауарларға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) ресімдеуге тиіс, бұл ретте электрондық құжат тауармен Мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін порталда тіркелуге тиіс.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ақпараттық жүйеде автомобиль өткізу пункттеріндегі, авиадағы МКО қызметкерлері ТІЖ-ны растауды жүзеге асырады. Көліктің басқа түрлері бойынша (т/ж, т.б.) МКО қызметкерінің ТІЖ-ны растауы талап етілмейді. 

Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон (бұдан әрі - Талон) береді. Талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға автомобиль өткізу пункттерінде бір данада толтырады.

Талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға толтырғаннан кейін талонға автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының автокөлік құралын кесіп өткен күнін көрсете отырып, аумақтық Шекара қызметі бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесінің мөртаңбасы қойылады.

Қағидалардың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады.                                                     

Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.

Тауарлар қоймаға нақты түскеннен кейін ЭШФ АЖ порталында импорт бойынша ТІЖ растау рәсімін орындауы, яғни тауарларды әкелуге арналған ТІЖ – ны дербес растауы қажет-виртуалды қоймаға кіріске алу.

ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде салық төлеушілер тіркелген жері бойынша салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы 328-нысан бойынша өтініш беруге және 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндетті. Салық есептілігі тауарлар импорты айынан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

ЕАЭО шеңберіндегі тыйым салулар мен шектеулер

Салық төлеушілерден келіп түскен көптеген сұрақтарға байланысты, Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне тауарларды әкелуге және әкетуге қатысты қолданыстағы тыйымдар бойынша  тақырыпқа тоқталайық.

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы" шарттың 25-бабына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден одағы шеңберінде кеден декларациясын қолданбастан, мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тауарлардың еркін өткізілуі жүзеге асырылады.

ЕАЭО елдерімен шекарадағы мемлекеттік кірістер органдары нақты тауарлардың өткізілуіне, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына, сондай-ақ ДСҰ алып қою тізбесіне енгізілген тауарлардың әкетілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, елдің экономикалық қауіпсіздігі мақсатында ағымдағы жылы мынадай тауарларға тыйым салулар мен шектеулер енгізілді:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 36-н/қ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 52қа/қе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бірлескен бұйрығымен

Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:

- майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 2024 жылғы 29 кыркүйектен бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге;                                                                                                                         

- "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін жеткізу, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек және (немесе) көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес, бензин әкетуді қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0), ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерінің темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізілсін.".                                                                         

2) «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 398 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, мыналарды қоспағанда:                     

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;                                                                                                                                           

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуді;                                                                                                                                         

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды;                                                                                                                     

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмектің шеңберінде әкетілетінді.                                                                                                    

Мойынтіректердің жекелеген түрлерінің экспортын реттеу және сыртқы сауда қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында  «Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы»    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысы қабылданды.                                                                                                                                                                

Осы қаулымен:                                                                                                                                                                           

1) экспортына айрықша құқық берілген жекелеген мойынтірек түрлерінің тізбесі;                                                                                                                                                                                                

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;                                                                                                                                                                                                      

3) Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілді.                                           

Экспортқа айрықша лицензия берумен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті айналысатын болады.                                                    

Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының мерзімі бойынша шектеу мүмкіндігімен бір жылды құрайды.                                          

Қосымша ақпарат пен консультациялар алу үшін уәкілетті органдарға хабарласуды ұсынамыз.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы