Меню

Страницы

Статья

Салықтөлеушілердің назарына!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталғанын хабарлайды.

2 сәуірден бастап мерзімі өткен әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Бұл дегеніміз, төлем неғұрлым ұзақ кешіктірілсе, соғұрлым қарыз сомасы артады.

Салықты уақтылы төлемеген жағдайда, салық органдары қарызды 30 жұмыс күні ішінде өтеуді талап ететін хабарлама жібереді. Егер, 30 күн өткеннен кейін салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет.

Бұдан әрі салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мүлікке тыйым салу және алып қою, шоттарды бұғаттау сияқты өндіріп алу шараларын қолдану үшін жеке сот орындаушыларына беріледі, ал 40 АЕК - тен жоғары берешек сомасы болса елден шығуға тыйым салуға салық бұйрығы шығарылады. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларымен берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25% мөлшерінде жеке сот орындаушының қызметтері үшін қосымша сома өндіріп алады.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының 26 139 тұрғыны көлік салығы бойынша борышкер болып табылады, берешектің жалпы сомасы 861,1 млн.теңгені құрайды. Салықты уақтылы төлеу-бұл міндет қана емес, сонымен қатар ауыр зардаптарды болдырмау тәсілі.

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
11 апреля 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы