Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын қайта бастау туралы

💠Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментi микро- және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған 2025 жылғы 15 наурызда басталатын «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының қайта жаңғыртылатыны туралы хабарлайды.

«Salyq кэшбэк» жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: берілген чектердің саны 2 есеге артты, ал осы чектер бойынша сомма 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдықпен салыстырғанда, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақкөл ауданында іске асырылды).

💠"Salyq кэшбэк" жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: чектер саны 2 есеге артты, ал бұл чектер бойынша сома 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақмола облысы Ақкөл ауданында жүргізілді).

Жобаның екінші кезеңінде оны іске асыру мына аумақтарды қамтиды:

- Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
- Жетіқара ауданы, Қостанай облысы;
- Жақсы ауданы, Ақмола облысы;
- Аршалы ауданы, Ақмола облысы.

💠 «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде (қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де) фискалдық чек алу, «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеу және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде сыйақы алу қажет.

Сыйақылар «IT Analytics» ЖШС операторы арқылы «Amian» мобильді қосымшасын пайдалана отырып есептеледі.
«Amian» қосымшасын App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.
Мемлекеттік кірістер Департаментi кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарды белсенді қолдануға және әрбір сатып алушыға фискалдық чектер беруге шақырады, бұл тұтынушы құқығын қорғауға және мемлекеттік бастамаларды қолдауға ықпал етеді

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
11 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы