Меню

Страницы

Статья

Заңсыз акциздік өнімдерді анықтау бойынша жұмыс нәтижелері

💠Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және есепке алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған тексеру іс шараларының нәтижелерін хабарлайды.
2024 жылы, алкоголь өнімдерін өндірушілер тарапынан ірі бұзушылықтар мен бірнеше маңызды оқиғалар тіркелді.

💠Олардың бірі — алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздерден 3 миллиард теңгеден астам сомаға жалтарғаны туралы деректер. Қазіргі уақытта салықтық тексеру жүргізілуде, оның нәтижесінде құқық бұзушы толық көлемде шығынды өтейтін болады.
Сондай-ақ, жүргізілген іс-шаралар барысында мемлекеттік кірістер органдары теневой нарықпен күрес аясында заңсыз акциздік өнімдерді анықтады, атап айтқанда:
Алкоголь: 2 462 тексеруде 1,9 миллион литрден астам заңсыз алкоголь өнімдері анықталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Темекі өнімдері: Тексеру нәтижесінде 116 заңсыз сауда жағдайы тіркеліп, 16,6 миллионнан астам контрафактілік темекі қорабы алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға көп.

💠Мұнай өнімдері: 480 көлеңкелі жолмен жанар-жағар май сату жағдайы анықталып, жалпы сомасы 7,9 миллиард теңге болатын 34,5 мың тонна мұнай өнімі алынды, сондай-ақ сот органдары заңсыз әрекеттерден түскен 591,4 миллион теңге табысты тәркіледі және 25,3 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Осылайша, МКК заңсыз акциздік өнім айналымына қарсы күрес жалғасын табатынын және акциздік тауарларды өндіру мен айналымын бақылау тек күшейе түсетінін атап өтеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық жауапкершілікке тартылатын болады.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы