Меню

Страницы

Статья

Өткізу пункттерінде КБТҚ қолдану

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел қызметкерлерінің күнделікті тексеру жұмысында анықтайтын ажырамас элементтердің бірі, олардың кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - КБТҚ), қолдануы болып табылады.

Кедендік бақылаудың жоғары нәтижелілігіне кедендік бақылаудың әрбір нақты учаскесінде КБТҚ кешенді қолдану арқылы қол жеткізіледі.


Бүгінгі таңда, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің өңіріндегі "Майқапшағай" өткізу пунктінде мынадай КБТҚ орнатылған: Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ) - көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін айқындау және бейнебақылау жүйесі. Радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ("Янтарь – 2п" және "Янтарь – 1А" РБАЖ) - тасымалданатын радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтауға, оқшаулауға және сәйкестендіруге арналған. Электрондық өткізу пункті (ЭӨП) – кедендік бақылау аймағына кіретін және кететін көлік құралдарын кеден бекетінде тіркеуге арналған. Инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) - көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктерінің, контейнерлердің құрамын, ірі габаритті ыдыстарда оларды ашпай, интрузивті емес (жанасусыз) тексеру әдісімен көзбен шолып тексеруге арналған интраскопиялық тексеру техникасын (стационарлық және мобильді) білдіреді. Багажды және қол жүгін тексеруге арналған рентгендік қондырғылар (БҚЖТРҚ)- қол жүгіндегі контрабандалық тауарларды, почта жөнелтілімдерін жолаушылардың ілесіп жүретін және ілесіп жүрмейтін багажын, халықаралық почта жөнелтілімдерін және тауарларды оларды ашпай-ақ шағын және орта габаритті ыдыстарда көзбен шолып тексеру жолымен анықтау мақсатында қолданылады.

Дата публикации
08 апреля 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы