Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың банкроттығы

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Соттан тыс банкроттық.

Борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады.                  

Қарыздар:

  1. Екінші деңгейдегі банктер;

  2. Микроқаржы ұйымдары;

  3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.

Шарттары:

  1. Қарыз 1600 АЕК аспайды және 12 ай қатарынан қарызды өтеу жоқ өтелмейді.

  2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ.

  3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді).

Сот банкроттығы.

Борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотпен қарастырылады.

Шарттары:

Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша.

Нені білу керек:

  1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады.

  2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы.

  3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді.

  4. Қаржы басқарушысы тағайындалады.

  5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ).

  6. Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 ай, ұзарту мүмкіндігі 6 ай.

Банкроттықтың салдары.

  1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады.

  2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады.

  3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Сотпен қарастырылады. Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Шарт:

Бұл процедураны қолдану үшін қарыздар бойынша берешек талап етілмейді.

Қарыз сомасы мүлік пен кіріс құнынан асып түседі.

 Сауықтыру шаралары:

  1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру.

  2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.

Артықшылықтары:

  1. «Банкрот» мәртебесі берілмейді.

  2. Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)

  3. Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін).

  4. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі.

  5. Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;
2) әділдік;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекеттік реттеу;
5) азаматтардың адалдығы;
6) салдардың басталуы.

Дата публикации
08 апреля 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы