Құрметті салық төлеушілер !
Сіздер үшін әзірлеуші жиынтығы қолжетімді, ол өзінде келесілерді қамтиды:
"Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисі бойынша құжаттамасын;
"Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисі бойынша XML форматында сұрау үлгісін;
XSD форматындағы өзара іс-қимыл пішімдері;
SoapUI үшін "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік" API сервисінің жобасын құрайды.
API сервисі қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1-қадам:
Әзірлеушінің жиынтығын жүктеп алу.
2-қадам:
SoapUI пакетінде салық төлеушінің жер, мүлік, көлік салықтары бойынша есептеу құжаттары туралы ақпарат ұсыну қызметі бойынша жобасы орналасқан XML файл жүктелген. Жобаны ресми сайтта жүктеуге болатын SoapUI-де ашу керек. Жобаны ашқаннан кейін әдіс пен сервисті сипаттау сілтемелерін табу қажет.
1-сурет - "Салық төлеуші есептеу қызметі: жер, мүлік, көлік " жобасын қарау
2-сурет-қалыптастырылған сұрауды қарау
3-қадам:
Аутентификация және сұрау үшін тиісті деректерді толтыру (сервис адресі, сервиске қосылу үшін токен). Бұдан әрі қалыптасқан сұрауды іске қосу қажет. Сұраныстың сәтті өңделуінің нәтижесі - алынған жауап-хабарлама болып табылады.
Назар аударуыңызды сұраймыз, жүйеде шектеу орнатылған: бір токен бойынша бес секунд ішінде үш сұрау ғана қабылданады.