Меню

Страницы

Статья

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

ҚР Салық кодексінің 554-бабының 4-ші тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және сатуға лицензия беру үшін келесі лицензиялық алымдар белгіленеді:

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2023 жылы 1АЕК=3450 теңге, алымның мөлшерлемесі 200х3450=690000 теңгені құрайды);

- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату  қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 100х3450=345000 теңгені құрайды);

- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 70х3450=245000 теңгені құрайды);

- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 30х3450=103500 теңгені құрайды).

Лицензияларды қайта рәсімдегені үшін, лицензиялық алымның мөлшері, лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % болып белгіленді:

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 20 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2022 жылы  20х3450=69000 теңгені құрайды);

- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату, қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 10 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 10х3450=34500 теңгені құрайды);

- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 7 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 7х3450=24150 теңгені құрайды);

- ауылдық елді мекендерде – 3 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы  3х3450=10350 теңгені құрайды).

Лицензиялық алымның сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төлеушінің тұрған жері бойынша 105402 БЖК-ға төленеді.

Лицензияны рәсімдеу  немесе оны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алымның сомасын мөлшерлеменің белгіленген мөлшері шегінде қатаң түрде төлеу керек.

Лицензиялық алымның сомасы артық төленген кезде, ҚР Салық кодексінің 101-ші бабына сәйкес салық төлеуші салықтың басқа түрлеріне есепке жатқызу туралы немесе қайтаруға өтініш жасайды.

ҚР Салық кодексінің 557-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы белгіленеді:

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2023 жылы 1АЕК=3450 теңге, төлемақының мөлшерлемесі 200х3450=690000 теңгені құрайды);

- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату  қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

- астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 100х3450=345000 теңгені құрайды);

- басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 60х3450=207000 теңгені құрайды);

- ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 20х3450=69000 теңгені құрайды).

Төлемақы сомалары салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын 105434 БЖК-ға төленеді.

Дата публикации
29 марта 2023
Дата обновления
29 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы