Меню

Страницы

Статья

ҚҚС төлеушілерді тіркеу есебі.

Салық төлеушілердің келесі санаттары ҚҚС төлеушілері бола алады:

        - жеке кәсіпкерлер;

        - мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалар;

        - Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.

Салық төлеушінің жоғарыда аталған санаттарының ҚҚС төлеушілер ретіндегі қызметі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан басталады, оның тәртібі Салық кодексінің 82-85 – баптарында көзделген және ерікті не міндетті сипатқа ие.

Салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде 2022 жылдан бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерін (61,2 млн.теңге) құрайтын күнтізбелік жыл ішінде өткізу бойынша ең төменгі айналым асып кеткен жағдайда міндетті түрде қоюға жатады. Ең төменгі айналымға үш компонентті интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма – қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айлық есептік көрсеткіштің 124 184 еселенген мөлшері (428,4 млн.теңге) шегінде оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің айналымы енгізілмейтінін атап өту қажет.

Сондай-ақ  ең төмен айналымыға бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымы кірмейді.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші келу тәртібімен не электрондық нысанда орналасқан жері бойынша салық органына ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық өтінішін беруге міндетті.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын адамдар айналым мөлшеріне қарамастан, ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен не электрондық түрде орналасқан жері бойынша салық органына беруге құқылы.

Барлық салық төлеушілер, оның ішінде жаңадан тіркелгендер үшін ҚҚС бойынша есепке қою салықтық өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі.

Дата публикации
29 марта 2023
Дата обновления
29 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы