Меню

Страницы

Статья

Тауарларды алдын-ала декларациялау.

ЕАЭО кедендік аумағына енгізілетін тауарлардың кедендік ресімдеу ерекшелігінің бірі «Алдын-ала декларациялау» операциясы болып табылады. Бұл операция «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттемелеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 185 бабы және сәйкесінше ЕАЭО Кедендік Кодексінің 114 бабымен реттелген. Применение «алдын-ала декларациялауды» қолдану сыртқыэкономикалық қатынасқа қатысушыларға кедендік ресімдеуді жылдамдату, құжаттық бақылау жүргізуге уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдын-ала декларациялауды қолданудың басты бір талабы ресімдеу кеден органында тауарға арналған декларацияны тіркегеннен кейін 30 күннің ішінде тауарлар жеткізілуі қажет. Алдын-ала декларациялау кезінде кедендік баждар мен салықтар тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін төленеді, ал кедендік алымдар тауарларға арналған декларация ұсынылғанға дейін. Тауарларды декларациялау үшін СЭҚ қатысуша мөрмен куәландырылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін немесе сол құжаттардан мәліметтерді ұсыну қажет, кейіннен ол мәліметтер құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Егер тауар мемлекеттік кірістер органына тіркелген күннен бастап 30 күн ішінде ұсынылмаған жағдайда тауарларға арналған декларация жоюлуы тиіс.

Алдын-ала декларациялау кезінде мемлекеттік кірістер органдары тауарларға арналған декларацияларды тіркеген күнде қолданыстағы нормативті құқылық актілер қолданылады. Бұл тауарларға арналған декларацияларды тіркегеннен кейін кейбір бақылау нормалары өзгерген жағдайда белгілі артықшылықтар береді.

Бұрынырақ өтінілген (бұрынырақ ұсынылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмесі негізінде) құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштер өзгерген жағдайда, құнының, санының немесе салмағының өзгергенін растайтын құжаттар (коммерциялық актілер, сауда-өндіріс паратасының актілері) міндетті түрді ұсынылуы қажет.

Егер тауарлар келгеннен кейін бұрынырақ өтінілген құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштерде сәйкессіздік анықталса СЭҚ қатысушы тауарларға арналған алдын-ала декларацияны қайтарып алуға құқығы бар.

Дата публикации
29 марта 2023
Дата обновления
29 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы