Меню

Страницы

Статья

"Виртуалды қойма" модулімен "Электрондық шот - фактуралар" Web-қосымшасының API-интерфейсі

                                                                                               Құрметті салық төлеушілер!

 Сіздер үшін әзірлеуші жинағы бар, онда:

  • API құжаттамасы

  • XML форматындағы ЭШФ үлгілері

  • SOAP үшін ЭШФ жобасы

  • Қолтаңбаны құру қосымшасы

  • Кітапхана файлдары орналасқан.

API механизмінің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыздар:

1-қадам:

Әзірлеуші жинағын жүктеу (MACOSX)

2-қадам:

Localserver бумасында қолтаңба жасауға мүмкіндік беретін қосымша бар. Оны start.bat файлын шақыру арқылы Әкімшінің атынан консольден іске қосу керек.

3-қадам:

SoapUI бумасында ЭШФ бойынша жобасы бар XML файлы орналасқан. Жобаны SoapUI-де ашу керек, оны ресми сайттан жүктеуге болады. Жобаны ашқаннан кейін сіз әдістер мен қызметтердің сипаттамасына сілтемелер таба аласыз.

Сондай-ақ, онда барлық операцияларды кезекпен орындаудың екі тестілі сценарийі қарастырылған.



4-қадам:

Сценарийді іске қосыңыз, оның орындалуының аяқталуын күтіңіз .

Терезеде сіз әр сұраныстың орындалуының әр қадамын көре аласыз. Сұрауды екі рет басу арқылы сіз сұраудың денесін және жүйеден келген жауапты көре аласыз.



Сценарийдің нәтижелерін ЭШФ АЖ тест стендінде көруге болады.

Тест стендіне кіруді өз сертификаттарыңыздың көмегімен жүзеге асыруға болады.

Қызметтер мен әдістердің толық сипаттамасын құжаттамадан, SOAP жобасынан немесе сілтеме арқылы таба аласыз

"Виртуалды қойма" модулінде жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық.

Дата публикации
17 марта 2023
Дата обновления
17 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы