Мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша ақпарат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес (13.03.2026 жылғы №145/НҚ бұйрығымен еңгізілген өзгерістерімен)  мемлекеттік кірістер органдары 40 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде 23 – салықтық және 17 – кедендік бағыттарда көрсетеді. 

Олардың ішінде 36-і немесе 90% - ы автоматтандырылған, соның ішінде 34 қызмет Электрондық үкімет порталында қолжетімді.  

Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ  арқылы 16 қызмет көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, мемлекеттік кірістер органдары жұмысының басым бағыты мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету.

Сонымен, бүгінгі күні ШҚО мемлекеттік кірістер органдарымен  мемлекеттік қызметтердің 99 пайыздан астамы электронды түрде көрсетіледі.

Бүгінгі күні қызметтер салық төлеушілердің таңдауы бойынша келесі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі:

- Салық төлеушінің кабинеті

- Комитет порталы kgd.gov. kz

- Комитеттің ашық API қызметтері

- eGov.kz "электрондық үкімет" порталы

- "eLicense.kz" порталы

-  eGov mobile, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business, Kaspi, Halyk bank, Bank Center Credit, Home Credit bank және т.б. мобильді қосымшалар.

Айта кету керек, 2025 жылы "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" СӘИЖ жаңа ақпараттық жүйесін толық іске қосу жүзеге асырылды, ол Комитеттің 7 жүйесінің функционалын ауыстырды (БСАЖ, ОБДШ, Акциз, СЕӨЖ, СТК, Портал, ИШ). СӘИЖ енгізілуімен құжаттарды өңдеу уақыты қысқартылды, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң қайтарып алу процестері жеделдетілді, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауы жеңілдетілді, салық төлеушілер мен Мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл жақсарды (мысалы, хабарламаға электрондық жауап беру) және т. б.

Жалпы алғанда, мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушілердің мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы алуына қолайлы жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.

Дата публикации
20 апреля 2026