Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.
Бұл төлеушілер келесі қызмет түрлерімен айналысады:
1) өңдеу өнеркәсібі - 6 СТ;
2) тау - кен өндіру өнеркәсібі - 1 СТ;
3) электрмен жабдықтау - 2 СТ;
4) ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 СТ;
5) құрылыс - 1 СТ;
6) көтерме және бөлшек сауда - 1 СТ.
2026 жылғы қаңтарда салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 10 126,7 млн.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке - 1 694,2 млн.теңге, республикалық бюджетке - 8 432,5 млн.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2 173,4 млн.теңге түсті.
Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 35,7% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша - 13% - ды; республикалық бюджет бойынша 61,2% - ды құрайды.