"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.
Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы қаңтарда салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 5 354,0 млн.теңге түсті.
Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 33,6% - ды құрайды.
КБК бөлінісінде түсімдер құрылымы:
- КБК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 25,3%;
- КБК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 15,8%;
- КБК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 14,4%.
2026 жылғы қаңтардағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:
- "Риддер-Полиметалл" ЖШС – түсімдердің үлесі 4,8%;
- "ШыгысКомСервис УК" ЖШС – түсімдердің үлесі 3,4%;
- "Қазақстан су жолдары" РМҚК – түсімдердің үлесі 2,8%;
- "AN Groups" ЖШС – түсімдердің үлесі 2,3%;
- "Өскемен арматура зауыты" АҚ – түсімдердің үлесі 2,1%.