Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер арқылы салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген сенім деңгейі қалыптасады. Сондықтан, Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі ерекшеліктері оларды көрсетілетін қызметті алушыға бағдарлана отырып, заңнама шеңберінде көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта, мемлекеттік кірістер органдары 41 мемлекеттік қызмет көрсетеді (оның ішінде 24 салық және 17 кедендік бағытта), оның ішінде 95% немесе 39 мемлекеттік қызметтері автоматтандырылған және электронды форматта көрсетіледі, соның ішінде 34 қызмет Электрондық үкімет порталында қолжетімді.
Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы 17 қызмет көрсетіледі.
Қоғамның мемлекеттік кірістер органдарының қызметтеріне қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету процедураларын оңайлату, қажетті құжаттар тізбесін және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Мәселен, бүгінгі күні қызметтер салық төлеушілердің таңдауы бойынша келесі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі:
- Салық төлеушінің кабинеті
- Комитет порталы kgd.gov. kz
- Комитеттің ашық API қызметтері
- eGov.kz "электрондық үкімет" порталы
- "eLicense.kz" порталы
- eGov mobile, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business, Kaspi, Halyk bank, Bank Center Credit, Home Credit bank және т.б. мобильді қосымшалар.
Айта кету керек, 2025 жылы "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" СӘИЖ жаңа ақпараттық жүйесін толық іске қосу жүзеге асырылды, ол Комитеттің 7 жүйесінің функционалын ауыстырды (БСАЖ, ОБДШ, Акциз, СЕӨЖ, СТК, Портал, ИШ). СӘИЖ енгізілуімен құжаттарды өңдеу уақыты қысқартылды, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң қайтарып алу процестері жеделдетілді, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауы жеңілдетілді, салық төлеушілер мен Мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл жақсарды (мысалы, хабарламаға электрондық жауап беру) және т. б.
Ағымдағы жылы салық төлеушілерге қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуге, бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын цифрландыруға, салық міндеттемелерін әкімшілендіруді жеңілдетуге, шағын және микро-бизнесті қолдауға, сондай-ақ, салық есептілікті азайтуға және салық режимдерін жеңілдетуге бағытталған жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Осылайша, есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқартылды (39 СЕН-нен, қазыргі уақытта 28 нысаны қолдануда), жеңілдіктер оңтайландырылды, салықтық берешекті өндіріп алу және мерзімін кейінге қалдыру мен бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетілді. Қолданыстағы арнайы салық режимдері жетіден үшке дейін қысқарды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімі 882-ден 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, бұл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін айтарлықтай жеңілдік болып табылады.
Маңызды өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағытты қамтиды.
Салықтарды әкімшілендіру тәсілінің өзгеруіне және салық төлеушілердің жауапкершілігінің арттыруына байланысты "Салық есептілігін кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметі алынып тасталды, сондай-ақ, "Салық есептілігін ұсынуды ұзарту" жойылды. Бұл ретте, жаңа норма енгізілді, оған сәйкес егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса, мемлекеттік кірістер органдарының жүйесі оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады. Бұл ретте, осы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру, салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады.
Осы норманы енгізу бюрократиялық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік берді, атап айтқанда салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар мен банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығаруды алып тасталды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 272-бабы шеңберінде, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, бұл бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерді күту және қызмет көрсету үшін қолайлы, және жайлы жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Осылайша, бүгінгі күні барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының Клиенттерге қызмет көрсету орталықтары ҚР ҚМ МКК Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №614 бұйрығымен бекітілген КҚКО портретіне сәйкестендірілді. Атап айтқанда, салық төлеушілерге, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасалды, ақпараттық стендтер жаңартылды, «Өіне-өзі қызмет көрсету терминалдары» жұмысын жалғастыруда, КҚКО қызметкерлері үшін «жылжымалы» (түскі үзілісіз) жұмыс кестесі ұйымдастырылды, Өскемен қаласы бойынша МКБ-да электрондық кезекті басқару жүйесі арқылы тұтынушыларға «пакеттік» қызмет көрсетіледі, салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұсыну және жекелеген санатты салық төлеушілерге (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, уақытша еңбекке жарамсыздық мүмкін аурулары бар адамдарға, жасы сексеннен асқан қарт адамдарға, интернет желілері жоқ аумақтарда орналасқан шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғаларға) ақпараттық-түсіндіру қолдауын көрсету үшін, «сейсенбі» «бейсенбі» күндері бекітілген шығу кестесіне сәйкес салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша шығуды жүзеге асыратын Сервистік тобы құрылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және салық төлеушілерді хабардар ету мақсатында, облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушілер арасында бұқаралық ақпарат құралдарында, Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ қоғамдық орындарда ақпараттар орналастыру арқылы жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, салық төлеушілермен, оның ішінде жаңадан құрылған ЖК–мен, «Атамекен» ҰКП, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілдерімен, блогерлермен ең өзекті тақырыптар бойынша (салық және кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы, салық міндеттемелерін орындау мерзімдері туралы, жалпы декларациялау және т.б.) «Ашық есік күндері», кездесулер, семинарлар өткізіледі.
Мәселен, осылайша, 2025 жылы 27315 іс-шара өткізілді, онын ішінде, 125 - баспасөзде шығарылған жарияланымдар, 329 – теледидардағы шығарылымдар, 18888 - радио, 6873- интернет-ресурстардағы жарияланымдар, 743- «Дөнгелек үстел» отырыстары мен семинарлар, 30- ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциялар (брифингтер), 104 - тікелей эфир, 41- «Ашық есік күні», 90 - кеден бекеттеріндегі ақпараттық кеңес беру пунктерімен берілген консультациялар, 92 - бейне ролик дайындалып, әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Сонымен қатар,14264 кеңес берілді, онын ішінде жазбаша түрде Е-Өтініш арқылы келіп түске өтініштер -121, ауызша WhatsApp мессенджері арқылы -2330, Telegram чат және Instagram арқылы -676, бірыңғай call- орталығы1414 арқылы – 11137.
Қазіргі уақытта, жаңа Салық көдексіне көшуге байланысты, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, «Халық бухгалтері» акциясы шеңберінде, аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–13:00-ге дейін, кәсіби бухгалтерлер, сондай-ақ, басқарманың тәжірибелі қызметкерлері тегін консультациялық көмек көрсету мақсатында салық төлеушілерді офлайн қабылдауда.
Осымен бірге, жастар арасында салықтық және кедендік сауаттылықты қалыптастыру шаралары өткізіледі. Осы мақсатта, Қазақстан-Американдық Еркін Университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеттерімен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында, ЖОО студенттерімен және оқытушылар құрамымен кездесулер, семинарлар мен ғылыми –практикалық конференциялар өткізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдар қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Мәселен, 2025 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсететің 126 қызметкер біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті.
Осымен бірге, Департамент пен аумақтық МКБ-мен Комитеттің электрондық сервистерін кеңінен насихаттау бойынша тұрақты негізде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, 2025 жылғы электрондық қызметтердің үлесі тек қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда 99,7%-ды құрады (барлығы 557 909 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 554 933-і электрондық нысанда көрсетілген). Бұл ретте, 2024 жылмен салыстырғанда қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер санының 30%-ға немесе 1287 қызметке қысқаруы қамтамасыз етілді (2025жылы 2976 қызмет, 2024 жылы 4263 қызмет көрсетілген).
Өз кезегінде, қағаз жеткізгіштегі сұрау салулар санының қысқаруы, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қол режимінде өңдейтін құжаттардың қысқаруына әсер етті, нәтижесінде қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жойылды.
Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, бекітілген Жоспар аясында тұрақты негізде бақылау іс-шаралары(мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер, «Құпия тұтынушы» әдісі бойынша тексерулер, МКК–нің ақпараттық жүйелерінен ақпаратты қашықтан бақылау және т.б.) жүргізіледі.
Жалпы, бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының алдына салық төлеушілердің мемлекеттік қызмет көрсетумен қанағаттануы үшін барлық жағдай жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты Департамент мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметтерді алу кезінде салық төлеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде барлық шараларды қабылдайтын болады.