Мемлекеттік бюджеттің 2025 жылға арналған салықтық түсімдер жоспарының орындалу қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер жоспары 105,4% (471,7млрд теңге жоспар кезінде, түсім дерегі 497,2 млрд.теңге) орындалғандығын немесе 25,5 млрд.теңге сомасында артық орындалғандығын хабарлайды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 155,2% немесе 176,8 млрд.теңге сомасында өскен.     

Салықтық түсімдер бойынша республикалық бюджет жоспарының орындалуы 106,3% (244,3 млрд теңге жоспар кезінде, түсім дерегі 259,7 млрд.теңге) құрады немесе 15,4 млрд.теңге сомасында артық орындалды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 225,9% немесе 144,7 млрд.теңге сомасына өскен.     

Салықтық түсімдер бойынша жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 104,4% құрап отыр (227,4 млрд теңге жоспар кезінде, түсім дерегі 237,5 млрд.теңге) жоспардан 10,1 млрд теңге сомасында артық орындалды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салысытырғанда өсім қарқыны - 115,6% немесе 32,1 млрд.теңге сомасына өскен.                                                                                 

Мемлекеттік бюджеттің көп бөлігі келесі салықтар бойынша қамтамасыз етілді:                                                                                                    

- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан түсетін КТС,  МБ жалпы түсімдегі үлесі 21,9% немесе 109,1 млрд.теңгені құрайды;                      

- Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық,  жалпы түсімдегі үлесі 21,0% немесе 104,4 млрд.теңгені құрайды;                 

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС, жалпы түсімдегі үлесі 14,9% немесе 74,1 млрд.теңгені құрайды;                                                                              

-Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдегі үлесі 14,6% немесе 72,7 млрд.теңгені құрайды;                                                                      

- Әлеуметтік салық, түсімдегі үлесі 12,2% немесе 60,5 млрд.теңгені құрайды.                                                                                                          

- Егер мемлекеттік бюджетке түсімдерді экономикалық салалар бөлінісінде қарастыратын болсақ, онда ең жоғары түсімдер келесі салалар бойынша қалыптасты:                                                                                                 

-Өңдеу өнеркәсібі- 2025 жылғы МБ жалпы түсімдегі үлесі 29,5% құрайды немесе салық төлемдері 146,5 млрд.теңге сомасында түсті;                       - Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - МБ жалпы түсімдегі үлесі 16,7% құрайды немесе салық төлемдері 83,1 млрд.теңге сомасында түсті;            

- Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль және мотоциклдерді жөндеу- жалпы түсімдегі үлесі 13,2% немесе салық төлемдері 65,4 млрд.теңге сомасында түсті;                                                                                                             

Құрылыс-жалпы түсімдегі үлесі 8,4% немесе салық төлемдері 41,6 млрд.теңге сомасында түсті.                                                                              

2025 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде республикалық бюджетке қосымша 22,8 млрд.теңге сомасында салықтар мен кедендік төлемдер түскен.

Дата публикации
25 февраля 2026